Басты

 

  

 

 

 

1 қыркүйек - Білім күні!

 

2015-2016 оқу жылы басталды.

Мектебіміздің табалдырығын 16 бүлдіршін аттады. Оларға елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың "Менің Отаным Қазақстан" атты кітабы сыйға тартылды. 

Білім күні Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл, Қазақстан Республикасының Ассамблеясына 20 жыл, Қазақ хандығына 550 жыл, Ұлы Жеңіске 70 жыл толу мерекесіне орай сыныптарда біріңғай білім сабақтары өткізілді. 

 

 

 

 

 

 

 Мектебімізде "Мектепке жол" акциясы өтуде.

 

  

"Жаппай оқыту" қорынан 254000 теңгеге, "Демеушілер" қарынан 16000 аз қамтылған отбасы балаларына материялдық көмек көрсетілді.  Ақция барысында демеушілік танытқан ұстаздарға ата-аналар өз алғыстарын білдірді. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Құрметті әріптестер! Аяулы аналар, ару жандар!

Көктемнің шуақты мерекесі "8-наурыз Халықаралық әйелдер күні" құтты болсын!

                 

 Шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі - "8-наурыз Халықаралық әйелдер күні"

мерекесіне орай 5-7-сынып қыздарының арасында

2014 жылдың 6-наурызында "Ал, кәнеки, қыздар" атты қыздар сайысы өтті. 

                                                 

Аудандық "Рахмет, ана" атты шығарма конкурсында

ІІІ орынға ие болған үшін 5-сынып оқушысы Құлатай Сая марапатталды

      

Аудандық "Жас Ұлан" бірлескен балалар мен жасөспірімдер ұйымының форумында  

мектебіміздің "Жас Ұлан" ұйымының мүшелері "Патриот" номинациясына ие болды

 

 ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

Бастауыш сынып мұғалімі Мұздыбаева Қарлығаш Кайроллина

мұғалімдер арасындағы аудандық пәндер олимпиадасында

ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды

    

Кеңес әскерлерінің ауған жерінен шығуына 25-жыл толуына орай 2014 жылдың 22-ақпанында

8-11 сынып оқушыларымен "Ауған соғысының ардагерлері" атты тәрбие сағаты өткізілді.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

                                           

2014 жылдың 12-14 ақпан аралығында Федоровка ауылындағы "Самал" лагерінде

аудан оқушылары арасында математика пәнінен ұйымдастырылған  "Олимпиада резервтерін" дайындайтын

мини-олимпиадада І орынға ие болған 7-сынып оқушылары Серикова Асылжан мен Ермекпаева Аиданы құттықтаймыз!

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

 "Руский медвежонок-2013" халықаралық сайысында ІІІ орынға ие болған 5-сынып оқушысы Құлатай Саяны құттықтаймыз!

    

Мектебімізде 03.02.14-12.02.14 аралығында "Өзін-өзі тану" пәні бойынша он күндік болды

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

 

"Ақбота-2013" интеллектуалдық марафонында ІІІ орынға ие болған Жаман Құндызды құттықтаймыз!

 

  

Келді, міне, Жаңа жыл ортамызға

Құт-береке әкелсін баршаңызға

Аңсаған армаңыңыз орындалып,

Өміріңіз бақыт пен толсын нұрға!

 

   

Мектебімізде "Аяулы күз, алтын күз" атты мерекелік іс-шара өтілді

 Құрметті мұсылман бауырлар, қымбатты ұстаздар, оқушылар!

Айттарыңыз қабыл болсын,

Бар жақсылық тамылжысын.

Ұлы Алла жарылқасын,

Жақсы етсін қарымтасын.

Жақсы тілеу үзілмесін,

Жемісі мол күзін берсін.

Есіктерің ашық болсын,

Ыдыстарың асып толсын,

Отбасыларың аман болсын, 

Бейбітшілік заман болсын.

Бар жақсылықты ел жұртыңмен

Көретұғын шамаң болсын

 Әмин, Аллаһу Әкбар!

 

     

     

  Ұстаздар қауымының төл мерекесіне орай мектебімізде «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының ұйымдастыруымен өзін-өзі басқару күні және «Құтты болсын, мерекең» атты мерекелік бағдарлама өткізілді.

 \\

 

Құрметті ұстаздар!

       Мұғалімдер күні қарсаңында өзіміздің сүйікті ұстаздарымызды осы бір айтулы оқиғамен шын жүректен құттықтаймыз.  

 Құрметті ұстаздар, Мерекелеріңізбен! Мына гүл шоқтары сіздерге!

       

Ізгі ниетпен: Мектеп оқушылары     

  

 

     

     

1-қазан қарттар күні қарсаңында ауыл қарттарына құрмет көрсетілді. «Қарты бар ел-қазыналы ел» атты мерекелік бағдарлама және дастархан әзірленді.

Қачир ауданының құрметті азаматы Қабдылмәжит Тәліповтың 69 жасқа толуына байланысты мектебімізде «Кісі танымақ болсаң, ісіне қара» тақырыбында жоғарғы сынып оқушыларымен тәрбие сағаттары өткізіліп, ол кісінің өмір жолы мен шығармашылығына арналған көрме ұйымдастырылды.

 

  «22 қыркүйек – ҚР халықтарының тілдер күні» мерекесіне орай тілдер апталығы болды.

     

     

Мектебімізде денсаулық апталығы болды.

    

«8-қыркүйек - ҚР отбасы күні» аталып өтті. 

      

     

   «1-қыркүйек – Білім күні» тойланды. «Қазақстан-2050 Cтратегиясы: «Бір халық-бір ел-бір тағдыр»» тақырыбында салтанатты жиын өткізіліп, тәрбие сағаттары болды. Мектеп табалдырығын 10 бүлдіршін аттады.

       

 

       «Мектепке жол» акциясы барысында мектебіміздегі 10 аз қамтылған отбасы баласына                  материалдық көмек көрсетілді.

 

 

 

     

 21-маусымда "Қош бол, мектебім" атты салтанатты жиын өтілді. Салтанатты жиында мектеп түлектеріне жалпы орта білім туралы аттестат пен сертификат берілді.